Өлеңдер ✍️

  01.08.2021
  394


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Қарындаштар

Мынау сары қарындаш,
Мұнымен күнді бояймын.
Мынау қоңыр қарындаш,
Мұнымен құмды бояймын.
Мынау қара қарындаш,
Мұнымен түнді бояймын.
Мынау қызыл қарындаш,
Мұнымен гүлді бояймын.
Мынауым жасыл қарындаш,
Мұнымен нуды бояймын.
Мынауым көк қарындаш
Мұнымен туды бояймын.
Мен суретші боламын,
Қолға қарындаш аламын.
Ақ апамның суретін
Ақ бояумен саламын.
Сонда менің қарындашым нешеу?
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу