Өлеңдер ✍️

  29.07.2021
  160


Автор: Сырбай Мәуленов

Шыңдағы крест

Кавказдың бір серегімәлім маған,
Тек қана бүркіт жетіп дамылдаған.
Сол жерде ағаш крест қалтырайды,
Шіриді жауындар мен дауылдардан.
Тұрғалы ол қиядан көз шалатындай,
Белгісіз жылдар өтті тағат қылмай.
Созады тарам-тарам қолын көкке
Бұлттарды шалғайынан алатындай.
Басына шамам болса шығар менің,
Дұға оқып егіліп бір жылар едім,
Содан соң өмір торын тас-талқан қып,
Дауылмен бір туғандай тұрар едім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу