Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2021
187
Аңсау
Дариға-ай, қызығындай құралайдың,
барады-ау бастан ауып бұлағай күн, —
қол бұлғап қала берген жастық шақтың
жабысып, жабығынан сығалаймын.
Екпіні елді ықтырған, ерлік тұнған
қай тұста қалып қойдың, қыран-айбын?!
Дариға-ай, өмір атты майданда бұл,
қам көңіл таба қойсын қайдан дамыл,
салдықпен сары жайлаудың сайын кезіп,
салсақ па сазы бөлек сайранға бір!
Бұл күнде әні де жоқ, сәні де жоқ,
қаңырап қала берген қайран да қыр!..
Көмескі көңілдегі отты әурелей,
осынау тосын сазын төкті-ау көмей,
Тыңдасып мойын бұрып мойылдай қыз,
"сайранды сал күндерің өтті-ау" — демей.
Сазы бұл тәтті шақтың, от құшақтың,
қабыл ал, қатарласым, жоқтау демей!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter