Өлеңдер ✍️

  25.07.2021
  124


Автор: Сәкен Иманасов

Мына сарын — қай сарын — құлағың түр

Мына сарын — қай сарын — құлағың түр,
құлағың түр.
Жетпесең жылап ұмтыл,
ащы мұңның мына бір ар жағында
аңсап ішкің келетін бұлағың тұр.
Қызығына өзінің батып анық,
асау бұлақ арқырай жатыр ағып,
дара шалғай, ағайын, әрі аса алмай,
жүрмеңдерші тағы да қапы қалып!
Жеттім бе деп,
жыласақ — жылап та алып,
құласақ та құлайық бұлақ барып,
бірімізге-біріміз сүйенелік
бірімізден-біріміз құлақтанып.
Бұйырмаған тағдырдың пырағы ұшқыр,
кім ұғады халімді мына мүшкіл, —
бұлаққа да жетерміз,
жетерміз-ау,
ар жағында оның да
бір ағыс тұр!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу