Өлеңдер ✍️

  25.07.2021
  165


Автор: Сәкен Иманасов

Қызығудан мен таймай

Қызығудан мен таймай,
қызуыңнан сен таймай,
қатар келе жатырмыз қызығымыз ортаймай,
Ішкен асым бойыма тарамастай көрінер,
жастық алып
жаныңа жарты сағат жантаймай.
Жұлдызыңның жанғанын сен тілемей, мен тілеп,
жұғын болмай жалғаның, жанып-күйіп елтіп ек,
жарқыраса жанарың, жадыраса қабағың,
қазан-ошақ сылдыры кетер еді тентіреп!..
Көңіліңнен көз жазып қалар бол сам сәтке бір,
кермек тати бастайтын сияқтанып тәтті өмір,
қызуынан
қырық жыл қоса ағарған қосақтың
отындай-ақ ошақтың шалқыр еді-ау шат көңіл!
Жұғын болмай жалғаның, жанып-күйіп алғаным,
қызуыңа тоймадым,
қызығыңа қанбадым,
өзіңде деп білем мен, төзімде деп сендегі
өмірімнің өзегі — тірлігімнің бар мәнін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу