Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2021
196
Көңіл
Баяу тартып баяғы ырғақ,
көмескі үн,
Сағынар да,
зарығар да емеспін.
Аңсап сені жоқтайтын да бұл күнде,
Айтқан сөзге тоқтайтын да жоқ ешкім.
Бұрынғыдай бұлқынбай да жұлқынбай,
Бұйығуға бейім тұрған шіркін-ай! —
Қой маңырап,
қозы жамырап бір түнде
Көтеріле көшкен елдің жұртындай.
Азғыра ма,
жазғыра ма сол ескі үн,
Бұрынғыдай бұлқына алар емеспін.
Ұнатуға,
жұбатуға бүл күнде,
Жылатуға жарайтын да жоқ ешкім...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter