Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.07.2021
146
Бір сен деп қайда ғана бір кетпедім
Бір сен деп қайда ғана бір кетпедім,
бүрсеңдеп боранда да дірдектедім,
Қаншама жырымды да саған жазған
қалтамда сақтай-сақтай кірлетпедім.
Ерітіп өзіңді де отым менің,
есімде біржолата бекінгенің.
Кеудемде ұя салған, қарлығашым,
менікі, тек менікі-ақ секілді едің...
...Барында жұрт қызығар келбетіңнің,
ойланбай от бастың да...
енді өкіндің,
Қайтеміз мұң да шағып,
тыңдашы анық.
айта алмай айтарымды
мен де тұрмын..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter