Өлеңдер ✍️

  23.07.2021
  180


Автор: Сәкен Иманасов

Апыр-ау, сол бір шақ қайда

Апыр-ау, сол бір шақ қайда,
айнала тірлік — бәрі айқын,
шашыңнан сыйпап мап-майда,
мақтана жұртқа қарайтын?
Қаланы кезіп кештетіп,
қарамай жанға мұндайда,
егіле сүйіп,
ес кетіп,
еліге құшқан түн қайда?
Айтуға бәрін сөз қайда?
Көз қайда өзім сан өпкен?
Қойсақ па, тегі, созбай да,
озбай да енді әдептен!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу