Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.07.2021
113
Көкіректе дертім көп
Көкіректе дертім көп,
жат табалап,
дос — ұғар;
жылар едім еңкілдеп,
одан бірақ не шығар!
Қайыр күткен кісіден
менікі де қай дәме?
Арағын да ішіп ем,
одан түсер пайда не!
Азық еді көңілге
ағайынның көптігі,—
азынаған өмірде
ара тұрар жоқ бірі!
Күні-түні іштегі өрт
үдей түсті, қайтемін,—
қандай ғана күш бөгеп
тоқтатады? Айт емін.
Шығара алмай бір мықты үн,
шаш ағарды,
жас келді,
қидаласқан тірліктің
қиюы да қашты енді.
Арпалысып ар,
намыс,
ауыр ойлар миды жер,
Айтыңдаршы,
бар ма күш
бір септігін тигізер?
Тіршіліктің өзін де
дәтке қуат демесек,
керек болған кезінде
кісілігің неге сеп!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter