Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.07.2021
143
Құдай-ау, төбемнен тағы ұрдың
Құдай-ау, төбемнен тағы ұрдың,
аңырдым,
есімнен жаңылдым,
сағымның сынғаны осы ма,
сабылдым қаншама, сағындым!
Сабыр қыл, дедім де, сабырлым,
аңырдым,
есімнен жаңылдым,
несіне қағындың, құдай-ау,
жарығын өшіріп шамымның!
Сабылып,
санымды сан ұрдым,
сарылып,
сарғайдым,
сағындым.
Шағылып тауым да бүл күнде,
қамығып,
қара ішік жамылдым.
Не жазып, мен неден жаңылдым.
жаныма болмады-ау дамыл күн,
бойымды көтертпей бір сағат,
тұмшалап тұрғаны-ай қалың мұң!
Құдай-ай, несіне қағындың,
аңырдым, есімнен жаңылдым,
болам деп тұрғанда —
болдырмай,
оңдырмай төбемнен тағы ұрдың!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter