Өлеңдер ✍️

  22.07.2021
  165


Автор: Сәкен Иманасов

Есіңде ме?

Есіңде ме?..
Көктөбе... ақ күміс күн...
Құшып ыстық өзіңді, қатты қыстым.
Құйын болып өткендей болды-ау, дүние,
жанарыңнан сол шақта жат бір ұшқын.
Шырқ үйіріп бір сезім Көктөбені,
жат сурет елестеп өткен еді...
Қайыра кеп құшуға
үркек көңіл
дір-дір етіп, қайтейін, беттемеді.
Өз-өзінен көңілім үркектеді,
әлгі әдемі аспан да нұр төкпеді.
Талай тәлкек тағдырдың куәгері —
Көктөбенің беті де бүлк етпеді.
Содан бері қаншама келді де кеш,
Келді кештер... біз үшін мөлдіремес.
Содан бері...
Көктөбе жаққа барсам,
көз алдымнан кетпейді сол бір елес...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу