Өлеңдер ✍️

  22.07.2021
  192


Автор: Сәкен Иманасов

Қарағым-ау

Қарағым-ау,
мен сені түсінбей де барамын-ау.
Нала мынау —
ілінбей таңға көзім,
жүрекке салған өзің жара мынау.
Апыр-ау,
әлде саған бәрібір ме,
алдарқатып қоясың әлі күнге.
Шынымен-ақ, мойындар жоқ па кінәң,
табалатпақ ойың бар
тағы кімге?
Жастығың ба, жаным-ау,
желігің бе,
Әурелеумен келесің мені мүлде.
Әлде саған керегі нала ма еді,
ала ма еді әуелден көңілің де?
Түсіне алмай барамын сені бүгін,
Не мінезің өзгерді,
не қылығың,
Кім біледі, қарағым,
кім біледі,
арты қалай боларын, тегі, мұның!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу