Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
22.07.2021
536
![](/uploads/shorttexts/author_image/be4a124078db9a46b188e804dfa821b8.jpg)
Қазақ тілі
(Кіріспе сабақ)
Қазақ тілі –
Атаң, Анаң.
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған.
Дұшпаның да бас иетін,
Тілің –
Ұлттық қасиетің.
Тартқан талай ұлыстар бар
Тілсіздіктің қасіретін.
Тілі аманның – күні күлген,
Қор болмайды мұны білген.
Тіл жоғалса,
Заман туар:
Ит мөңіреп,
Сиыр үрген.
Тіл сыйлаған:
Ардай – азбас.
Тіл сыйламас:
Бордай – оңбас.
Мардымсумен,
«Мамалаумен»,
Ата салтын жалғай алмас.
Тіл ұстарту,
Тіл сындыру –
Сөз сиқырын,
Кілтін білу.
Ел мен елді елдестірер,
Естілікке ұмтылдыру.
Қазақ тілі:
Бас – денеге.
Бес қару да –
Хас шеберге.
Өз тілінде ымдаса да,
Сөз түйсінтер тас кереңге.
Қазақ тілі –
Халық тілі.
Тіл аманда –
Халық тірі.
Өз тілінде жылағанның
Көз жасы да –
Халық мұңы...
қазақ тілі тіл отан Өтепберген Ақыпбекұлы Өтепберген Ақыпбекұлы шығармашылығы Өтепберген Ақыпбекұлы тақпақтары
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇