Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
22.07.2021
378
Не тәтті, не қатты?
Бұл дүниеде жеңіл не?
Ол – есімі Алланың!
Бұл дүниеде ауыр не?
Ол – шешімі Алланың!
Бұл дүниеде не биік?
Ақыл-ойы Алланың!
Бұл дүниеде не терең?
Құпиясы Алланың!
Бұл дүниеде не тәтті?
Мейірімі Алланың!
Бұл дүниеде не қатты?
Ол – қаһары Алланың!
Адамзаттың тілеуі –
Кеңшілігі Алланың!
Екі дүние тірегі –
Кешірімі Алланың!
қатты тәтті Өтепберген Ақыпбекұлы Өтепберген Ақыпбекұлы шығармашылығы Өтепберген Ақыпбекұлы тақпақтары
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter