Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
22.07.2021
159
Жылымық
Қыс. Астана…
Күн жылы,
Ашық –
Аспан түндiгi.
Жаймашуақ,
Жайдары,
Бiр күнiнен бiр күнi.
Қар – мұз болып қатқандай,
Мұз – жiбiдi тас-маңдай.
“Қарлы жаз”- деп мәз болдық,
Керемет сөз тапқандай.
“Бұл аз күнгi жылымық,
Жылымықтың сырын ұқ!..
Шыға келер ертең-ақ,
Күн қабағы құбылып.”-
Деп ескерттi үлкендер,
Бiрақ, көрмей кiм сенер?
Шалпылдатып су кешiп,
Кездi ұмыттық бүрсеңдер.
Астанада…
Ақпанда:
Ерiп кеттi ақ қар да.
Жылымыққа – жылынып,
Бөрiктi аттық аспанға…
Жылымық қыс қар Өтепберген Ақыпбекұлы Өтепберген Ақыпбекұлы шығармашылығы Өтепберген Ақыпбекұлы тақпақтары
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter