Өлеңдер ✍️

  22.07.2021
  218


Автор: Бақыткерей Ысқақ

Өтірік өлең

Күн райы.
Барып-барып қайтады,
Бөрі барда,
Жатпас ауыл айтағы.
Ойға түсер,
Уәдешіл-Ағайын,
Кей бір ауыз,
Айтас сөзді айтады!
Өмір барда,
Араласар-өтірік,
Айту-өнер,
Қиыстырып, келтіріп.
Қандырады,
Желбуаз сөз иесі.
Ант береді
„Нан атсын!"-деп, жең түріп!
Ауыл-аймақ,
Той-думанда, жиында,
Сөз қозғаймыз,
Сон-ау өткен қиырға.
Көзім көрді,-деп, бірі айтар-өтірік
„Ант айтсын!" -деп,
Арын төгіп-тиынға!
Көргенді Ұрпақ,
Асын беріп-өлгеннің,
Басын қосар,
Үлкендерін-өлкенің...
Хикаясын-
Біреу бастар-ит жылғы,
„Құран атсын- деп айтады көрген-мін!"
Әңгіменің,
Өтірігін білсек те,
Үндемейміз,
Ішімізден күлсек те.
Масайраймыз
Анда-санда дем беріп,
Өтірікке сенбейміз ғой
Өлсек те!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу