Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  150


Автор: Бақыткерей Ысқақ

Топ ішінде

Топ ішінде,
Біреу жүр, бой жасырып,
Мақсатын,
Мансап қуған-ойға асырып.
Астарлап,
Жазғыш отыр, ой жасырып
Қиянпұрыс қиялы аласұрып.
Бір надан,
Бір наданға- күліп отыр,
Бір залым,
Бір залымның күлін шоқыр.
Бір пысық,
Мысығының жүнін тоқыр
Бұл заманда-
Таз болмас, тегін соқыр!..
Япыр-ай!
Не деп кеттім,
Нені көрдім?!
Ұмыттым,
Данышпандық, тегін-Ердің!
Сөйлей алмай,
Жабысты еріндерім,
Қайда сүйреп барады-
Өмірлерің?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу