Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  197


Автор: Бақыткерей Ысқақ

Бір досыма

Өңештен өткендерді, ас қыласың,
Жетпейді, төрт тарапқа қос құлашың.
Жақсы сөздің, нәрімен сусындатып
Жамандықты зәріңмен, басқа ұрасың!
Бір де көктем, бір де қыс, мінезің бар,
Заманнан,
Ойып алар - үлесің бар.
Сұрамаған - ауызға,
Атымтай жоқ
Теп - тегін қолдағысын бере салар!
Көрдік қой, талай молда - Пірәдарды,
Аударған айлап, жылдап - Құрандарды.
Олар да жең ұшынан жалғасады.
Алла атымен қорқытып - Адамдарды!
Жасайды, тұрмыс билеп - жасамасын,
Шығарар - әкесінің жаназасын.
Кетсе де, теріс айналып,
Қу тіршілік -
Қос саусақ арасынан қарамасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу