Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.07.2021
243
Қысқы шаһар. Ұзын көше. Түнгі шақ
Қысқы шаһар. Ұзын көше. Түнгі шақ
Өзім деген өлең үміт тым жырақ.
Әйнегімде қырау биін қалдырған
Бүгін маған жалғыздығым құндырақ.
Сен келмейсің. Жеткізді оны суық жел,
Суық желмен жалғыздықты қуып бер.
Тоңғаным ба, құшағыңды аңсадым,
Ақ мамық қар мұңдарымды жуып көр.
Аспан алыс, одан сәлем мамық қар,
Қайың, терек күтулерден жалыққан.
Сені неге сонша сүйген екенмін?!
Дауа болмай дәрігер мен тәуіптен.
Жазға жетпей, күзге кетпей мұңдандым,
Енді қашан дауысыңды тыңдармын?!
Ақ болсаң да, бақ таппадым жалғыз қап,
Кешір ақ қыс, жесір бақсыз жындандым.
қыс көше қала Анар Шамшадинова Анар Шамшадинова шығармашылығы Анар Шамшадинова өлеңдері Түнгі шақ Түн
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter