Өлеңдер ✍️
Сені іздеймін
Түспесін десең... егер сезімге кір
Жанарым, менің ылғи көзімде жүр.
Жамандық көрсең менің қабағымнан
Жас болып төгіліп кет жанарымнан
Мұқағали
Жадырамас жанымда жүр жалқы ән,
Күлкілерге тығылады зілдей мін.
Ауыр ойдан ажырамай талпынам,
Ақ таңдағы арман қайда? Білмеймін.
Күн қызарып, көкжиектер алаң ба,
Бейкүнәлау балалықтың бағындай.
Ләззәттың алауына жанам ба,
Самалдармен еніп кетсем сағымға.
Күңгірт кеште бағы қашып бұлданған,
Қапас қала қаңырайды өзіңсіз.
Сағыныштан сұрқы кетіп сұрланған
Қасқа жүрек сүрінер ме төзімсіз?!
Арман да жоқ аласұрған алдымда,
Мақсаттарым соңында жүр әрненің.
Тек түсімде көріп сені жандым да,
Қуануға жетпей қалып дәрменім.
Сүйкімді жан, сабырымды сел етпе.
Сен қайдасың? Теңізде ме, Айда ма?
Сенім маған серік болса, желектей
Сені іздеуден шаршамаспын қайда да.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter