Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  102


Автор: Анар Шамшадинова

Жанарға

Сұрап жүрмін өзіңді көктегі Айдан,
Елес болып ұшындың. Қайтсем екен?!
Мейірімді, ал бірде өктемі айдын
Көлеңкелі көк терек әйтсе мекен.
Күтіп жүрем, бақытым кеш келе ме,
Қараңдаған елеңдеп қараларға.
Дәру бар ма, ем қонбас ештеңеден
Мендегі үнсіз сыздайтын жараларға.
Жетім қыздай тұншығам ащы мұңға,
Ештеңені естімес керең бәрі.
Мекеніңді, жөніңді жазшы мұнда
Тек өзіңді іздеумен келем әлі.
Сол көктемнің келбеті сәнді ме еді,
Ызыңдама түбімнен жаттан әнім.
Елес болсаң, елес бол мәңгіге енді
Сол елесті табуға аттанамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу