Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  228


Автор: Анар Шамшадинова

Қарашада қар жауған

Қыс келмей-ақ қар жауып, қарашада,
Алматыны бір суық шыр айналып.
Сезім өліп, қалдығы тараса да,
Мәні өмірдің бір саған тұр байланып.
Қалтырады жас қайың, таңданды да,
Қабіріне сезімнің көк гүлденген.
Құзғын ашкөз пиғылмен қамданды да,
Сорлы дала сонда да жоқ үндеген.
Жалғыздық тұр жібермей, құша басып,
Көңілімді жып-жылы қалады ма?!
Құштарлығым өзіңмен ұша қашып,
Жүрек жылар, айналып қаралыға.
Қош, сүйіктім, қоштасу бізге мәлім,
Енді сенсіз тозақтан бетер түндер.
Тайқы тағдыр, келмейді сізге әлім,
Қолымды алмас көңілсіз өтер күндер.
Қоштасамын, мұң ғана бақ-тұрағым,
Сатқындыққа қаталдық жараса ма?
Тәтті шақтың тамтығын лақтырамын,
Қыс келмей-ақ қар жауып қарашада...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу