Өлеңдер ✍️
Үміт
Жалғыз үміт жаһанмен жағаласып,
Бақытымды табармын кеш қалсам да.
Сүйген күлсін, махаббат мазаласын,
Өлең мені тастама ешқашанда.
Тағдыр мені таласын, тарықтырсын,
Маған салсын азапты бар жарақты.
Шырын шақтар шаһары жабық тұрсын.
Тек шабытым шарлай бер шартарапты.
Махаббатты жырлағын, сезімдерді,
Туған жерді, елімді, Отанымды.
Сәттерімді алданған кезімдегі,
Сәлем бермес сәлден соң қатарымды.
Сары күздің жанымды жаулағанын,
Келмей жатып үсінген көктемімді.
Жұлынған гүл жастығым аумағанын,
Мені сүйген, мен сүйген өткенімді.
Жырла сосын қас-қақпай күткенімді,
Сонда ұмытып он сегіз мың ғаламды.
Білте шамдай бір кезде біткенімді,
Қаңғырғаным мызғыған — мұң-қаламды.
Нақыл айтар нақақ жоқ, өлем жаттай,
Жарық емес, қоламта от көрінеді.
Өлгім келіп ұмтылам, қалай батпай,
Тәнім бетсіз, бүгінге беріледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter