Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  303


Автор: Анар Шамшадинова

Аман жүрші, әкетай

Жоғарының қалыс қалмай жарлығы
Өзен ағып, желмен билер қоғалар.
Ең бастысы — әке, сенің барлығың
Мұңлы күндер бірде әйтеуір жоғалар.
Кейде нөсер төгіледі аспаннан
Түсініксіз жерді сүйіп, соғары.
Аңыздан да, жырлар мен дастаннан
Әке, сенің парасатың жоғары.
Қиял қуып ақылымды төрінен,
Арман, үміт, жүрек болып — үш тірек.
Сезім, достық, құштарлықтың бәрінен
Әке, сенің махаббатың күштірек.
Бүгінгі күн өсірмей ме мерейін,
Дүниенің нәзіктігі қалмапты.
Жастығымды, шаттығымды берейін
Аман болшы, аман жүрші, ардақтым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу