Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.07.2021
135
Көктемсіз көшелерге
Көктемсіз көшелерге
Күз кілем төсегенде.
Қуаныш жоғалады,
Бар болған кеше менде.
Жаз өтіп жайраңдаған,
Жыр туды арналмаған.
Өзіңсіз бақыт деген
Бұйырсын қайдан маған?
Келмейді күзге әлім,
Жетпейді сізге әнім.
Кездесу қашан келер?
Қоштасу бізге мәлім.
Арманның асыл әні,
Жолыңа шашылады.
Көктемдей көңіліңді,
Күз неге жасырады?
Сезіммен сабыламын,
Моншағын тағына мұң.
Көктемсіз көшелерде
Мен сізді сағынамын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter