Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  148


Автор: Анар Шамшадинова

Өзіңсіз күндер

Сағыныш отта жансақ та, күнім,
Телміріп үнсіз түндерім шекер.
Бал шақтар менен алшақтап бүгін
Өзіңсіз өтті күндерім бекер.
Көңілсіз күзде қайтарып көктем,
Кездесіп едік тағдырым жазып.
Келмейді неге айналып өткен?
Бар ма еді әлде менде бір жазық?
Бақшада бұлбұл бағымды тілеп,
Ән салды бірге шағала құрбым.
Жетсе деп желмен жағымды тілек,
Бір жүрген біздер жағада тұрмын.
Тек өзің жоқсың, дін-аман әлем,
Қосылу қиын ғашыққа неге?
Толқындар бимен құраған сәлем,
Көруге сені асыққан менен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу