Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.07.2021
282
Сен жайлы ойлағым келмейді
Сен жайлы ойлағым келмейді,
Бүгін де, ертең де.
Салынған селтеңге
Жаныма ермейді
Үмітім ерте өлген.
Ұмытқым келеді
Тумаған күндерді,
Жұлмаған гүлдерді,
Қалдырған сүлдерді
Түндерді.
Ойлағым келмейді
Сезімді,
Сені бар көзімді,
Тәубесі тоналған төзімді
Өзімді.
Күтуден таймаған
Безсе де айналам,
Күнәһар болмысың
Тірлігім солды шын
Жайнаған.
Ойлағым келеді жырақта
Жас тамып
Басқаны
Бірақ та...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter