Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.07.2021
238
Жауапсыз қалса да хаттарым
Жауапсыз қалса да хаттарым,
Атыңды құрандай жаттадым.
Нұр шашқан жүзіңе ынтығып,
Құмарлық қақпасын аттадым.
Өзіңсіз өмірден жерідім,
Жаныма жоласаң ерідім.
Кәлима қайталай беремін,
Болсаң деп өмірлік серігім.
Жауапсыз тұрса да сұрақтар,
Түрім жоқ сенен еш жырақтар.
Басыма бұйырған бақытсың,
Мейлі сен жүз қызға ұнап қал.
Ерініңнің отымен өртедің,
Сезімнің емес бұл селтеңі.
Өзіңді сүйерім ақиқат,
Ертегі болса да ертеңім.
хат өмір сезім Анар Шамшадинова Анар Шамшадинова шығармашылығы Анар Шамшадинова өлеңдері жауапсыз хат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter