Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  152


Автор: Анар Шамшадинова

Дүние даңғой

Дүние даңғой,
Тар өңір,
Азаптың түрін сан тарттым.
Бір болсақ деуші ең бар өмір,
Қалайша жолда жалтардың?
Алқымнан алса аңсарым,
Сезімді сабыр тұсасын.
Оянам жылап таң сәрі,
Түндерде кімді құшасың?
Қызғаныш, арман, беу сезім,
Қай жерде қақсып қаласың?
Тек сені сүйем деуші едің,
Жанымның жазшы жарасын,
Қай жаққа кетіп барасың?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу