Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  135


Автор: Анар Шамшадинова

Арманым болдың кәдімгі

Арманым болдың кәдімгі,
Адайдың айбар бір ұлы.
Құштарлық басты жанымды,
Жүректе қайран жыр ұлып.
Күтумен көзін талдырар,
Біреуге асқақ арумын.
Жақындап келсең жандырар,
Сәулеңе сенің зәрумін.
Ағымнан айтсам жарылып,
Көктеммен кетті бар үміт.
Өмірдің мәні қалмады,
Сағындым сені сарылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу