Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  142


Автор: Анар Шамшадинова

Жүрегімде жазулы тұр есімің

Жүрегімде жазулы тұр есімің,
Күнәм болса, Аллам берсін кешірім.
Сол жағада сені күтіп жүрмін мен,
Айтшы, жаным,
Қандай сенің шешімің?
Бар санамды билеп алды болмысың,
Ащы мұң мен сағынышқа толды ішім.
Жауабы жоқ хаттар жазып жалықтым,
Көкіректе көктемгі арман солды шын.
Кәлима оқып, көк мешітте отырам,
Үміт емес, қайғы-қасірет татыр ән.
Сені сүйіп, жан дертіме дауа жоқ,
Көп кінәмді жанарымда батырам.
Тұла бойда тыпыршиды құмарлық,
Тәңір сені жаратқандай сыңар қып.
Оразада оралсаң ғой, сүйіктім,
Мені мен Аллаға іс қып ұнарлық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу