Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  165


Автор: Анар Шамшадинова

Мені тағы да жылаттың

Мені тағы да жылаттың,
Рахымсыз, жауапсыз қалдың да.
Несіне ұнаттым,
Гүл аттым?
Не күшің бар еді алдымда?
Мені тағы да мұңайттың,
Санамда сағыныш сүмбілдей.
Көркімді көмгенде құмайт құм,
Келерсің,
Келмессің,
Кім білген?!
Сұлулық жүзімде өлгенде,
Қажетсіз қап-қара сүрмең де.
Саңғыған сезімің сөнді ме?
Рахымсыз, жауапсыз жүргенде...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу