Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  154


Автор: Анар Шамшадинова

Өзіне өзі жұт пенде

Өзіне өзі жұт пенде,
Бақыты келмес күткенде.
Ертеңің сенің не болмақ,
Ертегің енді біткендей.
Болмады елдің бірлігі,
Содан да осы тірлігің.
Суырып жазған санамнан,
Оқиды дейсің жырды кім?
Ұлдарың қайда елім дер,
Имансыз болды-ау келіндер.
Тулақтай тозып барасың,
Бабамнан қалған керім жер.
Шындықты ащы ақтардым,
Жалпақ шешейді жақтар кім?
Өзгеге жүрсің табынып,
Өзіңді қалай сақтармын?
Өркениетке бастадың,
Салтыңды көміп тастадың.
Дінімді білмей өскенмін,
Бодандық көрген жас жаным.
Жүректен өлең жазамын,
Кеудеме толып таза мұң.
Ертеңің сенің не болмақ,
Ертегің бітті, қазағым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу