Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  137


Автор: Анар Шамшадинова

Әйелдік тағдырдың торында

Әйелдік тағдырдың торында,
Еркектің сан мұңы жолымда.
Жалғызбын деудің де орны жоқ,
Ұлым бар – үмітім қолымда.
Түндерде тозақтай тоңғаным
Болмаса, ақынмын – ол бағым.
Өлеңім,
Сен барсың өкінбен,
Басыма қайдан кеп қонғаның?!
Тірліктің ауырын сезініп,
Жыладым, тек кетпен безініп,
Бақытты күтуден жалықпай,
Жүремін мұңдарға езіліп.
Болсын деп, намыс – хақ, ар – мәнді,
Тілекті, тастадым талғамды.
Тек Аллам кешірсін ақтық күн...
Жек көре алмадым жалғанды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу