Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  180


Автор: Анар Шамшадинова

Мен білмеймін, не күтемін таңымнан

Мен білмеймін, не күтемін таңымнан,
Ертең атар рауандап?
Кім табылады сын сағатта жанымнан,
Кімдер кетер жамандап?
Құша алам ба бақытты көк, жер тіреп,
Бір-ақ минут, бір рет.
Соған жетсем, ей, мендегі шер жүрек,
Жылай көрме діріл ет.
Мен білмеймін, кімнен жүрмін бата алып,
Неге отырам қақшиып?
Тіршіліктің нағыз құлы атанып
Неге жүрмін басты иіп?
Өтуде өмір, қыркүйек те салқындап,
Өлім жайлы қаңғып ән.
Ақырғы сәт соққан кезде алқымды ап,
Елге немді қалдырам?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу