Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  132


Автор: Анар Шамшадинова

Күшім де жетпеді

Күшім де жетпеді,
Ішімде айтылмай сыр қалды.
Тағдырым бақытты етпеді,
Шашымды, ерінімді, сырғамды.
Көзімнің жасы да кеппеді,
Тамшылар ақысыз құйылар.
Қуаныш күлкісін сеппеді,
Арманның түрі жоқ бұйырар.
Тәңірім тізерлеп сыйынар
Өмірге өкпем жоқ десем де,
Қай ғасыр мұңдарым тыйылар?
Жалғыздық жекіп тұр көсемдей.
Сезімнің балынан жесем де,
Зарына кезіктім шақырып.
Жұрт тыныш, ел мен жер есенде
Өлеңге табылып тақырып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу