Өлеңдер ✍️

  20.07.2021
  149


Автор: Анар Шамшадинова

Қызық қуып күлгенім жоқ желпініп

Қызық қуып күлгенім жоқ желпініп,
Бұзық болып жүргенім жоқ жең түріп.
Гүлнар киген қара көйлек үстімде,
Қара шашым қара желге серпіліп.
Қара түннен кейін ақ таң ағарған,
Қара көзден сонда тамшы жоғалған.
Қара өлеңге ханзадамдай табынам,
Бірақ менде қара арман жоқ, ақ арман.
Қара қарға қарқылдайды өктем бе,
Қара ағаштың гүлін жұтып көктемде.
Қара суық қалшылдатса бойымды
Сені ойлар ем ақ ұлпа қар өпкенде.
Қара қазақ қалың елмін, жекемін,
Білем елге ақын жақын екенін.
Ақ төсекте ақ үмітке берілем,
Қара жер бірақ мәңгі мекенім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу