Өлеңдер ✍️

  20.07.2021
  147


Автор: Анар Шамшадинова

Арманымның асырардай шоқтығын

Арманымның асырардай шоқтығын,
Арып-ашып күн кешемін.
Далбаса.
Бұл өмірде ештеңем де жоқ, күнім,
Жасы кеппес өлеңдерім болмаса.
Шарап жеңіп, сауық-сайран құрғам жоқ,
Жасқанбастан тағдыр мұңын жолдаса.
Мінезім де жетісіп бір тұрған жоқ,
Сені құшар ақ жүрегім болмаса.
Атақты емен, дәулетті емен, дарамын,
Шабыт қана.
Шашылмайды ол да аса,
Өмірге бос келіп, кетіп барамын,
Сені өлердей сүйгендігім болмаса...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу