Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.07.2021
173
Көңіл күйі
Маған жат — тынбақ, сарқылмақ,
Қалжырап көрген жоқ жаным.
Өтермін өзім жарқылдап,
Өзегім толы ақ жалын.
Бip кезек ыстық, қойынға
Даланың гүлін үзіп сап.
Бip кезек қарлы құйынға
Құйғыта кipeм қызықтап.
Теңізден ақ бас толқынын
Кеудеме кейде оранам.
Демеймін оттан олқымын, —
Найзағай менің, кәpi анам.
Қызықпан құрғақ мадаққа,
Берілмен кecip кеңеске!
Мідетін ұлдың адақтап,
Армансыз жатам дөңесте.
Мінездің албырт түpi де,
Айтылар әлi оған сын:
Miнім бар дейді-ау тірідe
Көлеңкем қайда жоғалсын?!
Жүресің жарқын жанымда,
Kөpiнiп кейде көлеңкем!
Ceнi де мендей жадында
Ұзаққа сақтар кең өлкем!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter