Өлеңдер ✍️

  20.07.2021
  270


Автор: Хамит Ерғалиев

Алғашқы күні

Аспан ашық,
Алғашқы
Оқу күні қияда;
Көше бойлап, ағашты
Жағалайды Зияда.
Әр қақпанын алдында
Әжелері құттықтап,
Бұған бола шалдың да
Тұрғаны бар көп тоқтап.
— Қара... Мұның әліппе
Құшақтарлық болғанын!
Ертең-ақ, қой әріпке
Kөзi жетік бұл — ғалым!
Әркім бұлай жігерлі
Айтқан сайын тілегін,
Ыстықтатып жіберді
Әке қолы білегін.
Мектебінде енді ойы;
Көрді неше қыз-ұлды.
Зияданың өнбойы
Өлшеуі жоқ қызынды.
Қызынады сау денең
Достар үнін ecтiceң...
Достар аппақ сәулемен
Бipгe кipдi есіктен.
Зиядамыз ортадан
Көз жіберіп ол-пұлға,
Алдағы бip партадан
Орын алды он жылғa.
...Гүл iшінде бip адам
Қылтияды, күледі
Көз алмайсың бip одан
Мұғалімі сол еді.
Жана ғана отырып,
Ойлағанын ұғамын.
Енді құшақ толтырып
Гүл көтерді мұғалім..
Енді тыным табамыз
Гуілдеген жұрт та бiз;
Eнді eciктi жабамыз,
Әке мен бiз сырттамыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу