Өлеңдер ✍️

  20.07.2021
  133


Автор: Хамит Ерғалиев

Түнгі жорық

Қаз-үйрек жоқ әлі ұшқан,
Қыс аспаны жұлдызды.
Ақ далаға алыстан
Алып шықты жол бізді.
Тонды жігіт, тонды қыз,
Тракторы қырық бес.
Күйретеміз тонды бiз,
Бекен қалай үpiкпec?..
Жаңғырытып төңipeк,
Дірілдейді тоңбай-ақ.
Далаға нұр төгіп ек —
Шапақтады таңдай ақ.
Тарт осылай өзгермей!
Алда жалау, палатка.
Тоқтамаймыз сөз бермей
Адам түгіл болатқа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу