Өлеңдер ✍️

  20.07.2021
  163


Автор: Хамит Ерғалиев

Көктем

Көктем, сенің осы айында
Тыншытқан жер, аспанымды,
Құшағына тосайын да
Қызғалдақтай жас жанымды,
Бұлбұлындай ән салайын.
Жырлайын жас боламын деп,
Жылда-жылда сен сияқты;
Өз бөлмемде өмip гүлдеп,
Даламда да жас қияқты
Желкілдесін ақ бидайым.
От жалаған қайың терек,
Жамылсын да жасыл бүліш,
Окоптарды жапырақ бүркеп,
Бейбіт жерде жатсын тыныш,
Жайнай түсші, көктем — айым.
Жайнай түcтi шарбағымда,
Жасыл бұтақ тереземнен.
Дәл өзіндей жас шағым да
Тұрсын қарап, сол еменнен
Тағы да бip жыр алайын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу