Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.07.2021
311
Шұғбанға
Шұғбан, мұнша неге жаттың жайға,
Сабақты сатқаның ба ет пен шайға?
Зинаһар жаным, кешікпей тез қайта көр,
Кейінгі оздырарсың келген тайға.
Ғылым білсең, ашылар кеуде, көзің,
Кешіктірген елеме күйсіз сөзін.
Мен айттым да құтылдым қарызымнан,
Әттеген-ай деп жүрме бірақ өзің.
«Күннен де,- деген сөз бар,- ғылым жарық»,
Жас күнде қалған жақсы білім алып.
Ұлғайған соң түспей қап уысыңа,
Өкініп жүрме, балам, қапы қалып.
Талаптан, жас күнінде ғылым ізде,
Елірме, еріншектік тілге нанып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter