Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.07.2021
244
Тотықұс
Күлімдейсің, таранасың тотықұс,
Күйің тәуір, үйің жылы осы қыс.
Міндетімді ұмытыппын күнделкі,
Маған қарап жәутеңдейді бос ыдыс.
Әкел бері, жем салайын қос уыс,
Ішің кебер, қара суды қосып іш.
Өзіңде не жаңалық бар деймісің,
Айтарлықтай бастамадым тосын іс.
Жалғаншыға жіпсіз ғана байланып,
Сол баяғы мағынасыз отырыс.
Адам құсап алшаң-алшаң жер басып,
Өмір сүре алмайтыным - өкініш.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter