Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
19.07.2021
329
Әскердегі ағама
Сау-сәлемет жүрмісің,
Әскердегі ағажан.
Түзеуде ел тұрмысын,
Туыстардың бәрі аман.
Есімде айтқан ақылың,
Жақсы оқушы саналам.
Ойдағыдай оқуым,
Күнде үздік баға алам.
«Әліппені» игеріп,
Хат жазуға жарадым.
Хаттарыңды үйдегі,
Өзім оқи аламын.
Емеспін ғой жас сәби,
Таныстырғын ісіңмен.
Құпия болса әскери,
Айтпай-ақ қой, түсінем.
Алдық жазған хатыңды,
Келді жаңа суретің.
Көрдік нағыз батырды
Өтеп жүрген міндетін.
Жарасып тұр бәрі де,
Қызығып көп қарадым.
Өскен кезде әрине,
Мен де сарбаз боламын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter