Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.07.2021
205
![](/uploads/shorttexts/author_image/turmagambet-iztileuov-1-454x480-2x.jpg)
Сарымсақ ұстаға
Соғып бер Сарымсақжан маған пышақ,
Салалы ет, соға қойсаң, етпе ұсақ.
Орасан өте сұлу болсын форма,
Мойнағы жез, ақ болсын яки масақ.
Көзіндей көріп оны көп тұтынам,
Осы жаз ұстар демей яки қысақ.
"Біздерді пістік, міне, жарып же", - деп,
Қауын мен қарбыз жатыр жайып құшақ.
Сондықтан өзіңе арнай келіп тұрмын,
Айналмай ұсталарға ұсақ-пысақ!
Жөнелтсең жұмысымды, жөнді болса,
Жегендей талтаңдармын тоқты-ұсақ.
"Қу жансың құр жан жүрсең қалайда", - деп,
Ұялтты балалардың берген нұсы-ақ!
Қынында қыл қабатын пышақ болса,
Көргендер қошеметтеп дейді: "Кісі-ақ!"
1928.
Сарымсақ ұста ұста Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇