Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.07.2021
167
Тыңдатайын азырақ
(әзіл өлең)
Тыңдатайын азырақ,
Ер Үсеннің дастанын.
Қанады құлақтың құрышы,
Қойыңдар сөзін басқаның.
Азды көпке теңгерер,
Жәрдемшісі болмай жүр,
Есіл де ғана қасқаның.
Көкірегін көтеріп,
Көп ішінде күлмейді.
Көргенім жоқ көзіммен,
Адамнан мұның сасқанын.
Қара ерсе қасына,
Қалыңға қарай шабар еді,
Ойламай-ақ бас қамын.
Сермер еді семсер орнына,
Қолына беріп қойсаңдар,
Тәженнің шоқпар аспабын.
Жетектеуге тым қайым,
Масақ науқан кезінде,
Теке-лақтың саспағын.
Ер кісіде ес бар ма,
Бұрынырақта бір қырған,
Қазанбай атты бабайдың,
Қазанының қаспағын.
Әзіл тыңдау Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter