Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.07.2021
194
![](/uploads/shorttexts/author_image/turmagambet-iztileuov-1-454x480-2x.jpg)
Құлпы қызға
Нағыз асыл дүр едің,
Жәннаттың ғайни һүрі едің.
Қиядағы сен сұңқар,
Қол жетпес жерде жүр едің.
Алтын, гауһар, шамшырақ,
Жарқыраған нұр едің.
Рамбағы кең сарай,
Бағулы жерде тұр едің.
Жылжыған сен бір жорғадай,
Мың теңгелік құр едің.
Мысалы тасқан дариядай,
Белгілі жерді шіредің.
Зылиха менен Ләйлінің,
Заманында бірі едің.
Талпынған талапкерлердің,
Көкірегінен тіредің
1908
Құлпы қыз қыз Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇