Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.07.2021
201
![](/uploads/shorttexts/author_image/turmagambet-iztileuov-1-454x480-2x.jpg)
Саламат жатырсың ба жолдас Абат
Саламат жатырсың ба, жолдас Абат,
Салынған түрме ішінде неше қабат.
Жүйрікке жүзден озған сейістер де,
Суытып, сылап-сипап жабу жабады.
Келтіріп күйіне анық алғаннан соң,
Бәйгіге, таң айырта, тағы шабады.
Ақ көңіл, ашық жүзді әр қалайда,
Сыпайы ең сияқтанған сөзі набат.
Сондықтан тілектеспіз "болғай да, - деп,
Бостандай бұлбұл сайрар салқын сабат".
Кемді күн кемшілікті көргенмен ер,
Кендіктің кешікпей-ақ кенін табады.
саламат түрме Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇