Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.07.2021
174
Алтыға
Жақсы ма жағдайларың, жаным Алты,
Арман не ер жігіттің бітсе қарты?!
Қалайда, Қадір Хақтың өзі сақтар,
Болғанмен бұлайынша заман салты.
Құтылып, қуанышты болуыңа,
Тілектес елатыңның жас пен қарты.
Тілегін Тәңірі олардың қабыл қылса,
Айналар абаттыққа істің арты.
Жана да қуанарлық хабарлар бар,
Кеуілді көтеретін болған жарты.
Қашаннан қариялардың нақылы бар,
Қай сөздің халық сүйген болмайды қалпы?
Иншалла, ікаяты болып Ақтың,
Шығарар бостандыққа жұртты жалпы.
Аттарың әр орында айтылып жүр,
Жойғансың басын иттің болған шалпы.
Айнасын кеуілімнің кір шалғасың,
Сұлу боп шыға алмады сөздің әлпі.
Деп менен осылайша айтылды кеп,
Ерлерге ел тілектес шыққан дәрпі.
алты жігіт Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter